Жамбыл облысының бас имамы Асқар Сатылғанов Қордай ауданының дін қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Жиынға ауданның бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев қатысты.
Кездесу барысында имамдармен сұхбат жүргізіліп, діни қызметтің өзекті мәселелері талқыланды. Облыс бас имамы діни жұмыстардың сапасын арттыру, қоғамда имамдардың рөлін нығайту және дін саласындағы негізгі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ