Қасиетті Рамазан айында игі істер жалғасын табуда. «Рамазанда бір тал ек» жобасы аясында «Жасыл қала – тал егу» акциясы өтіп, Тараз қаласының 15-мөлтек ауданында 750 түп ағаш отырғызылды.
Экологиялық бастамаға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев, имамдар мен медресе шәкірттері қатысты. Ағаш отырғызу – сауапты әрі ұзақ мерзімді қайырлы іс.
Бұл бастама табиғатты көркейтіп қана қоймай, кейінгі ұрпаққа экологиялық таза әрі жасыл қала қалдыруға өз үлесін қосады.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


19 Ноябрь 2025
28 Джумада-авваль 1447

