Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Карим» мешітнің имамы Алпысбаев Есболдың ұйытқы болуымен, Қызылқыстақ ауылының жастары 20 отбасыға азық-түлік, екі отбасыға қаржылай көмек көрсетті.
Қайырымдылық шара барысында ауылдағы қарапайым отбасыларға азық-түлік өнімдері таратылып, үйлеріне жеткізіліп берілді. Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, баталарын берді.
Алла Тағала өзара мейірімді, бауырмал болуды баршамызға нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


20 Ноябрь 2025
29 Джумада-авваль 1447

