Хадис шарифте: «Тазалық – иманның жартысы» делінген. Ислам – тазалық діні. Дінімізде жан мен тән тазалығына қатты мән берген. Сонымен қатар құлшылық жасайтын орынның да таза болуы маңызды.
Сол себепті Аудандық «Қордай» мешітінде ішкі-сыртқы тазалықты қолға алып, мешіт қызметкерлері мен әйел-қыздар жамағаты, Қасиетті мубарак ай қарсаңында тазалық жұмыстарын жасады.
Алланың разылығын үміт еткен мұсылмандар, Рамазан айын тазалықпен қарсы алу үшін ат салысты.
Аудандық «Қордай» баспасөз қызметі



20 Ноябрь 2025
29 Джумада-авваль 1447

