Қордай: Имамдар жылдық жоспарды пысықтады

Қордай: Имамдар жылдық жоспарды пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Аудандық «Қордай» мешітінде аудан имамдары 2025 жылдық жоспарды пысықтады. Жиын ардагер имамның ақ батасымен басталды. Жоспармен таныстырған ауданның бас имамы, алдағы келе жатқан Рамазан айына бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылы төрт бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары. Отырыста бағыт басшылары тағайындалып, атқаратын істермен таныстырылды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үзтіміздегі жылды «Ислам және отбасы құндылығы» деп атады. Осыған орай ауданның бас имамы дін қызметкерлеріне жамағатқа отбасы құндылықтарын насихаттау, ерлі-зайыптылардың арасын татуластыру, бала тәрбиесі сынды отбасы негіздерін құрайтын тақырыптарда насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: