Британия корольдігінің Мұсылман кеңесі қоғамда белең алған исламофобиялық құбылыстар мен бейбітшіл мұсылмандарға деген жеккөрушілік көзқарастарға алаңдаушылық білдіріп, шынайы ислам дінімен таныстыру мақсатында арнайы акция өткізді.
Дін исламды танытуға арналған ашық есік күндері Тұманды Альбионның 80-ге жуық мешітінде ұйымдастырылды. Ұйым өкілдері ислам дінін бетперде еткен террористік топтардың қанды қылмыстары қарапайым мұсылмандарға кері әсер етіп жатқанын жеткізді. Мұның салдары бейбіт өмірді қалайтын мұсылмандарға өзге адамдардың шабуыл жасауына әкеліп соғып, исламофобия құбылыстары етек жаюда. Мешіттердегі ашық есік күндері өзге дін өкілдері мұсылмандардың құлшылық рәсімдерін көріп, уағыз-насихаттарын тыңдар, ислам дінімен жақынырақ таныса алады, деп жазады «Би-би-си».
e-islam