Сауд Арабиясының билігі Харам мешітіндегі қасиетті Қағбаның айналасына көлеңкелейтін шатыр құрылысын жүргізу жайын талқылауда. Өйткені, қажылық кезінде жыл сайын қасиетті Қағбаны тәу етушілердің арасында аптап ыстықтан көз жұматындардың қарасы көп.
Осыны ескерген ел билігі қалқаның құрылысына қатысты бірнеше жобаны қарастырып жатыр. Бұдан бөлек, кездесуде Харам мешітіне арналған кітапхана салу және электр қуатын қауіпсіздендіру мәселелері қаралды.
hibatulla.kz