БАӘ блогерлерге алтын виза ұсынады

БАӘ блогерлерге алтын виза ұсынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірліктері танымал блогерлер, ықпал етушілер және контент жасаушылар үшін алтын виза бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Gulf News. Бұл виза иелеріне елде 10 жыл тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қаңтар айында БАӘ-де Creators штаб-пәтерінде әлемнің түкпір-түкпірінен контент жасаушылар мен сала көшбасшыларын жинап, Біріккен Араб Әмірліктерін жаһандық цифрлық медиа хаб ретінде қалыптастыруға бағытталған миллиардтаған жазылушылар саммиті өтті. Бағдарлама шеңберінде БАӘ 10 000-ға жуық блогерді тартуды жоспарлап отыр.

Алтын визаға өтінішті Creators HQ ресми сайтында толтырып, компания қызметкерлерінің талаптарға сәйкестігін қарастыруын сұрай аласыз. Егер өтініш оң қабылданса, үміткерге келесі әрекеттер туралы ақпарат жіберіледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде танымал парақшалар мен медиа индустрияға елеулі үлес қосқан блогерлер, марапаттардың иегерлері бұл визаға өтініш бере алады. Виза үміткерлері шығармашылық қоғамдастық үшін құндылықтарын дәлелдеп, өз парақшаларындағы аудитория белсенділігінің артқанын және танымалдылығын көрсетуі қажет.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: