Қордай ауданы, "Білім" мешітінің ұстазы Малика Аханқызы шәкірттерге "Мұсылман – мұсылманның бауыры" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Уағыз барысында ұстаз бауырмалдық пен мейірімділіктің Исламдағы маңызына тоқталып, Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен мысалдар келтірді:
"Сендердің ешбірің өзі жақсы көрген нәрсесін бауыры үшін де жақсы көрмейінше толық иман келтірмейді". "Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер – жақсы көресіңдер".
Осы сүннетті жандандыру мақсатында шәкірттер арасында "Хадия" (сыйлық жасау) дәстүрі қолға алынып, өзара кішігірім сыйлықтар алмасу ұйымдастырылды. Бұл бастама шәкірттер арасында ауызбіршілік пен мейірімділікті арттырып, олардың бір-біріне деген құрметін күшейтті.
Шара соңында шәкірттер бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, шынайы алғыстарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі