Мойынқұм ауданының бас имамы Р. Асылбекұлы ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имам, молдаларымен жеке кездесті.
Бас имам молдалармен жеке кездесу барысында жұмыс пен отбасы мәселелеріне қатысты түрлі жәйіттерді өз орнымен шешуге тырысты. Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайымен қатар жұмысқа деген ынта ықыластарын реттеп, алдағы жұмыстарына сәттіліктер тіледі.