Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Жамбыл облыстық «һибатулла Тарази» медресе-колледжінде білім алып жатқан Меркілік шәкірттермен кездесті.
Бас имам Азамат Берікұлы шәкірттермен сұқбаттасып, шәкірттерге білім алудың маңыздылығы, оның сауабы мен пайдасы турасында және білім-ғылымның дініміздегі алатын орны жайында уағыз-насихат айтты.
Жиын барысында шәкірттерге қандайда бір көмек керек болса, қысылмай өзіне хабарласуын өтініп, ауданымыздан білім алып жатқан шәкірттерге қаржылай сыйлығын табыстады.


09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

