Мәуліт айы – Алла елшісі ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі.
Осы мақсатта Шу қаласы «Кәрібай молда» мешітінде қасиетті жұма күні Мәуліт – шариф оқылды. Жиналған жамағатқа қасиетті Зәмзәм суы мен құрма таратылып, Мәуліт – шарифына рухани нәр алған көпшілік жұма намазға сап түзді.



25 Апрель 2026
8 Зуль-каада 1447

