БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ «HALAL EXPO» КӨРМЕСІНДЕ

БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ «HALAL EXPO» КӨРМЕСІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлының бастамасымен ауданға қарасты ауыл имамдары IV мәрте өтіп жатқан «HALAL EXPO» көрмесін тамашалап, әр компания өндіріп шығарған халал стандарт сертификатын алған кәсіп орындардың өнімдерімен танысты.

2014 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің құрылғанына – биыл 10 жыл. Осы уақыт аралығында өзімізге жүктелген мақсат-міндетті ойдағыдай орындап, нәтижелі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, отандық және шетелдік 1600-ден астам кәсіпорынды сертификаттаудан өткізіп, халықаралық тәжірибеге негізделген 6 стандарт құрастырып, бекітілді. Соңғы үш жылда шетелдік және отандық кәсіпорындардың қатысуымен халықаралық «HALAL EXPO» көрмесі өткізілуде. «QMDB Halal» таңбасымен өнім өндіруші кәсіпорындар шетелдік ірі халықаралық көрмелерге қатысып, сапа жағынан озық үлгі көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда. Сонымен қатар Малайзияның Исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өтіп, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) негізінде құрылған Ислам елдерінің стандарттары мен метрология институты (SMIIC), Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия секілді елдердің халал стандарттау және сертификаттау мекемелерімен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандум бекітілді. 10 жыл ішінде бірнеше халықаралық және мемлекеттік маңызы бар конференциялар мен форумдарға, көрмелерге қатысып, «Халал Дамудың» негізгі қызметі, бағытбағдарымен таныстырып, «QMDB Halal» таңбасын беделді брендке айналды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: