САРЫСУ АУДАНЫ: ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

САРЫСУ АУДАНЫ: ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу ауданы, Жайлау ауылында  жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға қатысқан Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы, ауылдың құрметті азаматтары мен ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты. 

Айбек Амангелдіұлы ҚМДБ Төрағасы, Басмүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау хатын оқып, халыққа таныстырды.

Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде бас имам Айбек Амангелдіұлы арнайы сөз алып: «Аллаға шүкір, ауданымызда мешіттердің қатары көбейіп келеді. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін», – деп мешіттің құрылысына атсалысқан жамағатқа алғысын білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: