МЕРКІ: БАС ИМАМ МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

МЕРКІ: БАС ИМАМ МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты жаңадан салынып жатқан мешітті зерделеп, құрылысымен танысып қайтты.

Кездесу барысында, осы мешітті бастан аяқ құрылысын жүргізіп жатқан Айтимбетов Мубарак Сағынбайұлы мен бас қасында көмек қолын созып жүрген азаматтармен кездесіп, мешіт ахуалымен танысты. Аудан имамы мешіттің құрылысын жүргізіп жатқан барша бауырларымызға дұға жасап, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке тіледі.

«Баршаңызды осынау игі іске атсалысып, демеушілік жасауға шақырамыз! Алла Тағала мешіт салып, оған өз еңбегімен, өз қаражатымен көмек беріп жатқан бауырларымыздың ниетін қабыл етіп, сауаптан жазып, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке берсін», – деді бас имам.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: