БАЙЗАҚ АУДАНЫ: САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадірбек Әбенұлының ұйымдастыруымен «Имани жаз» сауат ашу курсы өтті. Сауат ашу курсында тәлім алған мешіт шәкірттері алған білімдерінен сынақ тапсырып үздіктер марапатталды.

Шараға IV аймақ жетекшісі Әли Олжабайұлы, «Аққия» мешітінің имамы Ахмет Жетпісбайұлы және «Мәдімар» мешітінің имамы Рахметов Жақсылық тәлім алушы шәкірттердің білімін бағалады.

Әли Олжабайұлы шәкірттерге: «Білім кез келген адам мен қоғамның дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі. Білім жоқ жерді қашанда надандық жайлайды.

Білім – кез келген саладағы жаңалықтың және оқиға мен жағдаятқа орай жасалатын анализдің кілті. Діни тұрғыдан алсақ – құлшылықты терең сезіне алудың негізі.

Білімнің себебімен қазіргі таңда көптеген аурудың емі табылды, көптеген дәрі-дәрмектер пайда болды, сол секілді көптеген ғылым салалары ортаға шықты, ғимараттар бой көтерді, технология қарыштап даму үстінде. Ұшақтар, от арбалар, кемелер, әр түрлі тұрмыстық құралдар адамға көптеген қолайлы жағадайлар туғызды», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: