БАЙЗАҚ АУДАНЫ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ - ЕЛДІК ІС

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ - ЕЛДІК ІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйі алдында Қайнар әскери бөлімшесінде болған жарылыстан қаза тапқан жерлес-жауынгерлерімізге қойылған мемориалдық ескерткіш-тақта алдында еске алу жиыны өтті.

Алдымен ескерткіш-тақтаға гүл шоқтары қойылып, ерлікке тағзым етілді. Одан соң аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков бұдан үш жыл бұрын Қайнар әскери бөлімшесіндегі жарылыста азаматтық борышын өтеп, тілсіз жаумен күресіп, қаза тапқан арыстардың ерлігі ұмытылмайтындығын айтты. Хас ерлердің есімін ардақтап, ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында туған ауылдарында ескерткіш-тақталар ашылғандығына тоқталды. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков елдік пен ерлік сынға түскен сәтте, қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батырлардың есімі мәңгі өшпейтіндігін жеткізді. 28-349 әскери бөлім командирі міндетін уақытша атқарушы, майор Мұрат Қоспанов қаза тапқан әріптестерінің есімі тарих бетіне алтын әріппен жазылғандығын, олардың ерлігі ел есінде сақталатындығын атап өтті.

Бұдан соң жиналғандар ерлікпен қаза тапқан ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Боздақтар рухына «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл Құран бағыштады.

Еске алу жиынына аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, ардагерлер, әскери және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, жарылыс кезінде қайтыс болған батырлардың ата-аналары, туыстары және қалың қауым қатысты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: