ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Әли Олжабайұлының ұйымдастыруымен IV аймақ имамдарына «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы «Сауатты имам қоғам айнасы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда Бақытбек Бауыржанұлы: «Бүгінгі семинарда қозғалатын тақырыбыз елімізде айрықша орынға ие діндарларымыз яғни, имамдарымыздың қадыр-қасиеттері мен құндылықтары және олардың қазіргі қоғамдағы атқаратын рөлдері жайында болмақ. Әуелі діни білімнің қасиеттері жайында шариғатымызда не айтылады? Соған қысқаша тоқтала кетсек, қасиетті Құран Кәрімнің 670 жерінде ілім жайында баян етіледі. Діни білімді алу және басқаларға үйрету ең сауапты амалдардың бірі болып саналады. Ілімнің қасиеттері жайында, оны үйрену, оған амал ету, оны басқаларға насихаттау, үйрету жайында көптеген мәліметтер келтіріледі. Мысалы Құрандағы: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмар» сүресі, 9-аят), «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлағандарға зор сый береміз» («Ниса» сүресі, 162-аят), «Сондай-ақ, құлдарынан (ең алдымен) ғалымдар Алладан қорқады» («Фатыр» сүресі, 28-аят),  «Раббым, білімімді арттыра гөр!» («Таһа» сүресі, 11-аят) деген аяттарды, сондай-ақ, «Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары» (Әбу Дәуіт), «Тал бесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер» (әл-Ажлуни), «Білім мұсылман әйелге де, ерге де парыз» (Ибн Мажа, Мұқаддима, 17),  деген секілді хадистерде де әрбір  мұсылманның ілім үйренуге талпынып, сауаттылықты барынша жаюға тырысу керектігі жайында көрсетіледі», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: