«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті. Игі шара барысында 29 балаға мектепке арналған сөмке және дәптер, қалам, бояу қарындаштары, өшіргіш сынды т.б оқу құралдары сыйға берілді.



28 Август 2026
14 Раби-авваль 1448

