ШУ: МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ШУ: МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінде «Төле би қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Жаңа оқу жылына орай көпбалалы ата-аналарға, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға 51 білім алушыларға мектеп формасы таратылды. Қайырымдылық шарасын қор жетекшісі Ыстыбаев Нұржан және аталмыш мешіт имамы Талғат Кәрібайұлының сәлемін айта барған Жалалиев Ибрагим табыстап қайтты.

Жабырай келіп, жадырап қайтқан жандар осындай қайырымдылық көмегін көрсетіп, мейірімділік сыйлаған демеушілерге жылы лебіздерін айтып, ризалықтарын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: