БАТЫРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

БАТЫРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын соғыста өткізген даңқты батырдың ерлігі тарих бетіне алтын әріппен жазылды. Халық батыр ұлын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп отырады. Жасампаз халқымыздың жеңімпаз перзенттері сын сағатта қаһармандықтың тамаша үлгісін көрсеткендігін әрдайым мақтан тұтамыз.

Ақәділ Суханбаевтың ерлігіне 80 жыл толыуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар мұнымен толастаған жоқ. Шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және жиынға  қатысушылар А.Суханбаевтың туған үйіне (бүгінде мұражай ретінде сақталуда) барып, батырдың рухына Құран бағыштады.

Жақаш ауылындағы А.Суханбаев атындағы орта мектебінде Батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, мектеп ішінде орналасқан музеймен танысуға ұласты. Онда Ақәділдің өміржолынан сыр шертетін суреттер мен әр жылдары баспа беттерінде жарық көрген материалдар және басқа да жәдігерлер орналастырылған. Музей қонақтары тілек кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды.

  p>

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: