Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық кітапханасында «Дін – адмшылық өмірдің негізі» атты іс-шара өтті.
Шараға ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлы арнайы қатысып, діннің адам өміріндегі алатын орны және маңызы жайында сөз қозғап, әр түрлі сауалдарға жауап берді. Заманымызда шығып жатқан діни жат ағымдардың қауіп-қатерлерін де баяндап, қысқаша тоқтала кетті. Дәстүрлі ислам жолын, соның ішінде Имам Әбу Ханифа мәзһабын бұлжытпай ұстануға шақырды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



13 Январь 2026
24 Раджаб 1447

