Сүннеттегі истихара. 3 бөлім

Сүннеттегі истихара. 3 бөлім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Истихараны қалай орындау керек?

Жабир (р.а.) былай айтқан: «Алла Елшісі (ﷺ) бізге Құран сүрелерін үйреткендей, барлық істер жөнінде истихара орындауды да үйретті. Ол айтқан: «Кімде-кім әлдебір іс жасамақ болса, оған екі рәкағат парыз емес намаз орындау керек, яғни, истихараға ниет етілген 2 қажет (нәпіл) рәкағат. Одан кейін мына бір дұға айтуы керек:

اللهم إني أستخيرك بعلمك وأستقدرك بقدرتك وأسألك من فضلك العظيم فإنك تقدر ولا أقدر وتعلم ولا أعلم وأنت علام الغيوب
اللهم إن كنت تعلم أن هذا الأمر خير لي في ديني ومعاشي وعاقبة أمري
فاقدره لي ويسره لي ثم بارك لي فيه(أو عاجل أمري و اجله )
وإن كنت تعلم أن هذا الأمر شر لي في ديني ومعاشي وعاقبة أمري
(أو في عاجل أمري و اجله)
 فاصرفه عني واصرفني عنه واقدر لي الخير حيث كان ثم ارضني به

«Уа, Алла, Сенің Білімің арқылы Сенен өзіме қайырлысын/жақсысын іздеймін, Сенің Құдіретің арқылы Сенен қабілетілік іздеймін, Сенен Сенің ұлы Жомарттығыңды сұраймын. Өйткені, расымен, Сенде Құдірет бар, менде жоқ; Сен бәрін Білесің, мен білмеймін және Сен ғайыпты Білесің.

Уа, Алла, егер, Сенің Құзырыңда, бұл іс – менің дініме, мен үшін, менің өміріме және менің істерімнің жуырдағы және келешектегі нәтижесіне қайырсыз болса, онда оны маған бұйыршы, оны маған жеңілдетші, сол арқылы маған қайырым етші. Бірақ егер, Сенің Құзырыңда бұл іс - менің дініме, мен үшін, менің өміріме және менің істерімнің жуырдағы және келешектегі нәтижесіне қайырлы болса, онда оны менен аулақ етіп әрі мені одан аулақ етші, қайда болмасын маған игілік беріп, менің оған разы болуымды жасашы».

Ескертулер:

1. Әли Кари (оған Алланың рақымы болсын) хадистегі «Құрандағы сүрелерді үйреткеніндей» деген сөздер бұл дұғаның маңыздылығын көрсетеді деп атап айтқан. 

Ибн Хаджар әл-Аскаляни (оған Алланың рақымы болсын) бұл теңеудің мағынасы сүреге де, истихараға да адам қатты зәру деп айтады. Намаз оқуға адамның сүрені жаттағаны сияқты, өзінің барлық істеріне бұл дұғаны жаттап алуы керек дегенді білдіреді.

2. Хафиз Ибн Хаджар хадистің соңғы сөздеріне «و يسمي حاجته» (ол өзінің қажеттілігін белгілеу керек) қатысты былай жазған, оның нағыз мағынасы — іс ауызша белгілену керек болған. Бұл жағдайда оны дұғадан кейін айту керек. Бірақ адам өз қажеттілігін есінде ұстап, дұға оқығанда ол туралы ойлап тұруы керек  дегенді де білдіруі мүмкін деп жазады ол.  Әли Кари соңғы пікірін дұрыстау көрді Бадруддин ʼАйни (оған Алланың рақымы болсын), керісінше, қажеттілік мына сөздерді «أن هذا الأمر»  оқығанда білдірілуі керек бірінші пікірге өзінен қоса отырып тоқтаған.

3. Кейбір риуаяттарда «و أرضني به» мына сөздердің орнында «و رضني به» мына сөздер тұрады. Екі түрі де дұрыс әрі мағынасы бір.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: