Талас ауданы, Қаратау қаласы, "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлының бастамасымен орталық саябақта футбол ойыны ұйымдастырылды. Қаламыздың жастары 4 командаға бөлініп футбол ойнады. Екі ойында жеңген "Қыран" тобы мен "Тұлпар" командалары финалда кездесіп, "Қыран" тобы 3-1 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші ойында жеңіліске ұшыраған "Игілік" пен "Талас" тобы үшінші орын үшін таласты. Есеп 4-2 болып аяқталып, "Игілік" тобы 3-орынды иеленді. Аталмыш шара соңында Асқарбек Серікұлы жүлделі орынды алған командаларды құттықтады. Бүгін жеңіске жетпеген командаларды мойымауға үндеп, сәттілік тіледі.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі


16 Январь 2026
27 Раджаб 1447

