Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы Құрбан айттың алғашқы күні мерекелік шығарылым ұсынады.
Республикалық Бас мешіттен арнайы хабар таратылмақ. Көрерменге таңғы 05:00-ден бастап 2 сағат бойы тағылымды бағдарлама әзірленуде. Онда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен мүфтият ұстаздарының уағыз-насихатын, сұхбатын тыңдай аласыз. Сондай-ақ Бас мешіттің сахан аймағында өтетін түрлі тартысты сайыстар, ұлттық ойындарды назарыңызға ұсынамыз. 16 маусым күні «Munara TV» телеарнасының тікелей эфирінен және YouTube парақшасынан көруге асығыңыз, ағайын!



31 Декабрь 2025
11 Раджаб 1447

