1 мамырда дүниежүзінде жыл сайынғы Халықаралық мұсылман тарихы айлығы басталады. Биыл мұсылман қауымдарының аталған шараға қатысуы өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге артты, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
2021 жылы Нью-Джерсидегі «Дүниежүзілік хиджаб күні» ұйымының бастамасымен ашылған жаһандық шара мұсылмандардың ғасырлар бойы жеткен жетістіктері мен өркениетке қосқан үлесін көрсетуге бағытталған.
Ислам тарихы айлығы «мұсылмандардың бай мұрасы мен тарихта қалдырған өшпес ізінің айғағы» дейді ұйым. «Салыстырмалы түрде жаңа бастаманы қоғамның қабылдауы баяу жүруде. Дегенмен, әлеуметтік желілерге назар аударсақ, биылғы жылы іс-шараларға қатысу өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп екенін көреміз».
asyldin.kz