Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен орталық «Қапшағай» мешітінде өңірге қарасты дін қызметкерлерінің алда келе жатқан аттестаттауға дайындық семинары ұйымдастырылды.
Алғы сөз сөйлеген облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы көпшілікке имамдық қызметтің жауапкершілігі мен аттестаттаудың маңыздылығы туралы кеңінен айтып өтті.
Танымдық шара барысында дін қызметкерлерінің құжаттары мен ақида, фиһқ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары аясында білімі тексеріліп, дайындығы пысықталды.