#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ МӘДІМАР МЕШІТІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ МӘДІМАР МЕШІТІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Мәдімар ауылдық «Мәдімар» мешітінде ауыл жастарына «Ізгі адам бейнесі» тақырыбында насихат айтты.

Бас имам уағызында: Дүниедегі ең үлкен сезімдердің бірі – достық. Шынайы достың адам өмірінде алар орны зор. Суфиян әс-Сәури: «Адамның әдепсіздігіне немесе ізгілігіне достан артық әсер ететін ешкім жоқ», - деген. Ислам діні дос таңдауда үлкен жауапкершілік пен маңыздылықты жүктейді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам өз досының дінінде. Сондықтан, кіммен дос болып жүргеніне қарасын!» - дейді. Шыныменен, адам баласының мінезінің қалыптасуына араласатын досының әсері үлкен. Себебі адам жақын досының қасиеттерін өз бойына сіңіреді. Досы жаман адамның мінез-құлқы да соған сай өзгере бастайды. Ал, таңдаған достары иманды, тақуа, Алла Тағаланы таныған жандар болса, өзі де солармен бірге кемелдене түседі. Бойына ізгі жандардың игі қасиеттерін сіңіріп, таным-түсініктері дари бастайды. Міне, осылайша ол жаман қасиеттерден арылып, нәпсісін тізгіндеп үйренеді», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: