Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде студенттердің кезекті футбол ойыны өтті. Аталған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы, аталған оқу орнының директоры Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.
Бас имам шәкірттермен бірге тартысты ойын көрсетіп, үлгі болды. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дәрістен тыс уақытта студенттермен бірге болу мақсатында медресенің өзге ұстаздары да футбол ойынына қатысып, достық сайыста белсенділік танытты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



11 Январь 2026
22 Раджаб 1447

