Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.
Шу қаласы "Тоғай" мешітінің имамы Жанат Сағитовтың ұйымдастыруымен 10 отбасыға қайырымдылық жасалды. Азық-түлікке 100 000 теңге қаражат жұмылдырылып, мешітте үлестірілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі