Қостанай облыстық орталық мешіті ауласында өңірдегі су тасқынына байланысты арнайы ірі-қара малы құрбандыққа шалынды.
Құрбан шалу рәсіміне қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Уа, Алла Тағалам! Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла Тағалам! Тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы еткейсің. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр» деп дұға етті.