Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаевтың ұйымдастыруымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұндай игі іске ақсақал қариялар ақ батасын беріп, жақсылықты жаны сүйетін мешіт жамағаты ат салысты.
Мешіттен азық-түліктей көмек алған жағдайы төмен отбасыларды діттеген жерлеріне ешқандай ақы төлемей тегін жеткізді. Қараша халық мұндай сауапты амалға разы болып, өздерінің алғыстарын айтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі


13 Январь 2026
24 Раджаб 1447

