Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын): Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі».
Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты Қадір түнін құлшылықпен күтіп алды. Жамағат тарауық намазына қатысты. Тахажуд намазын да бірігіп мешіттен оқыды. Еліміз, жеріміз, бауырларымыз үшін дұға жасады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



14 Ноябрь 2025
23 Джумада-авваль 1447

