Ағаш ұстасы мен патша

Ағаш ұстасы мен патша

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде патша ағаш ұстасын өлім жазасына бұйырады. Ұста ақырғы түнін үйінде өткізуге мүмкіндік алғанымен, ертесі күні өмірімен қош айтысатынын біліп, түні бойы ұйқысы келмейді. Күйеуінің мазасыз кейпін көрген әйелі "Ей, ағаш ұстасы! Әбіржімей жай түндердегідей ұйықта. Расында Алла Жалғыз..." деп демеу береді.

Бұл сөздерден соң ұста көзі ілініп қалың ұйқыға кетеді. Таң ата үйінің есігін қатты ұрғылағаннан оянады. Есікті ашса патша жендеттері сап түзеп тұр. Олар "Патша көз жұмды. Сенің оған табыт жасап беріуіңді сұраймыз", -  деген екен. Алланың қалауымен, ажал құшайын деп тұрған ағаш ұстасы өлім жазасынан құтылып кетіпті. Кімнің, қашан және қандай күйде өлетіні тек Бір Аллаға ғана аян...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: