Жуалы ауданына қарасты орталық мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызының және жамағат әйелдердің ұйымдастыруымен Рамазан айында мешіт жамағатына ауызашар шарасы өтті.
Уағыз насихатты Әйел қыздар секторы басшысы Жазира Иманалиева және қалалық ұстаз Жібек Қолағұлова, Қордай аудандық мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы айтып отырды. Сұрақ-жауап сайысы болды. Шәкірттер "Балбырауын" және "Көңіл толкыны" күйін нақышта келтіріп орындады. Әжелер алқасы мүшелері сөз сөйлеп, бата жасады.
Жуалы аудандық баспасөз қызметі.