"Діни ағымдардан сақтандыру" бағыты бойынша кездесу өтті. "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы Талас аудандық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен болған "діни ағымдарды қалай танимыз" атты іс-шараға қатысты.
Аталмыш шарада Асқарбек Серікұлы төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлеріне діни ағымның өкілін қалай тануға болатындығына тоқталып өтті. Діни ағымдарға көбіне діни білімі саяз әрі отбасылық жағдайы төмен азаматтардың бейім болатындығын әрі діни ағымдардың біздің дәстүрлі құндылықтарымызды жоққа шығаратын тұстары туралы кең көлемде тоқталып өтті.
Жиын соңында төтенше жағдайлар қызметкерлері Асқарбек Серікұлына сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатты. Төтенше жағдайлар басқармасы басшылары Асқарбек Серікұлына жиынға келгеніне алғыс айтып, ізгі тілектермен шығарып салды.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі