Дін мен дәстүр

Дін мен дәстүр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабаларымыз дәстүр мен дінді қатар ұстап келгенін жақсы білеміз. Себебі дін де, дәстүр де – қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші, олар бір-бірін толықтырып отыратындығын білікті дінтанушылар әрдайым айтып келеді.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларына: «Дінді өзге халықтарға сіңдіру үшін сол халықтың салт-дәстүріне тиіспеңдер, нұқсан келтірмеңдер, егер шариғатқа қайшы келмесе», – деген еді.

 Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне қарай қалыптасып келеді. Бүгінгі таңдағы басты мәселе халықтың асыл қазынасын жастардың бойына сіңіре білу, салт-дәстүрін, тілін, діні мен ділін үйрету.

Дін адамның рухани қажеттіліктерін өтейді. Адамзат баласын ізгілікке, адамгершілікке бағыттай отырып, оны теріс қылықтардан сақтандырады. Әрдайым Құдайдың бар екенін еске салып отырады. Осы ретте елімізде әлі күнге дейін халық арасындағы кейбір мәселелер салт-дәстүр арқылы реттеліп келе жатқанына куә болып жүрміз.

Дәстүр – қоғамда қалыптасқан, ұзақ уақыт аралығында сақталған және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрыптар, мінез-құлық. Ежелден халқымыз; адал, арам, обал, сауап деген төрт ұғымды  айтып  келеді. Бұл төрт ұғым – дініміздің талабына ұйып, тыйғандардан тыйылу дейтін .

Дәстүр  мен  діннің  ұқсастығы  туралы бір  ауыз  сөзбен  айту мүмкін емес.  Дін мен дәстүр ұрпақты ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелей білген. Қазақы салт-дәстүрдің өзара маңызды рөл атқарады. Халқымыз дәстүрді ерекше қадірлеген, қастерлеген, сақтай білген.

Дәстүрдің түрі көп. Соның ішінде, «Сөздің көркі – мақал» дегендей, дін мен салт-дәстүрдің сабақтастығы халық ауыз әдебиеті – мақал-мәтелдерінде де керемет көрініс тапқан. Ар-ұят, иман, көркем мінез турасында «Ұят – иманнан», «Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелдісі – мінез-құлқы ең жақсы болғаны» деген хадистерге қатысты – «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Ары таза нар жүгін көтереді», «Өлімнен ұят күшті», «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», «Жақсы ниет – жарым ырыс» деген сиякты  мақал-мәтелдері айтылған.

 Ата-ана туралы «Алланың разылығы – ата-ананың разылығы», «Жұмақ – ананың аяғының астында »,«Бала жетесіз болса, ата-анасын жерге қаратады. Бала жетелі болса, Ата-анасын елге қаратады», «Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар» деген мақал-мәтелдер де баршылық.

 Алла Тағала бір аятта: «Раббың Өзіңнен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік жасауларыңа бұйырды. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «уф» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле», – деп бұйырған.

Жастар жағы үлкен кісілердің алдарынан кесіп өтпеуі нағыз дәстүрлі ұстанымыз болған. Сонымен қатар қонақжайлылық дәстүрі – халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі. Қонаққа деген құрметтің бір негізі ислам дінінде жатыр. «Кімде-кімАллаға, ақырет күніне иманкелтіретін болса, қонағын құрметтесін, жақсылық күтсін» деген екен Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.). Халқымызда «Үй баласы мен ажарлы, қонағымен базарлы», «Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал», «Көңілкең болса, үйдің тарлығы білінбес», «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген ғибратты мақал-мәтелдері – дін мен дәстүр сабақтастығының дәлелі болып табылады.

 Сарысу аудандық мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: