Мойынқұм ақсақалдарымен кездескен аудан имамы Рысбай Еспенбетов "Қамқор шарапат" және "Арақсыз ауыл" тақырыптарын ортаға салды.
ҚМДБ-ның қолға алған шараларының бірі - "Қамқор шарапат" яғни бейіттердің шариғат шеңберінен аспай бір ізгілік жолда болуы. Аудан имамының ақсақалдар алқасын құрып осы жобаны іске асыру керектігін, ол үшін үлкендердіңде бұл жобаға араласуының қажет екенін жеткізді.
Екінші мәселе - "Арақсыз ауыл" бұлда елді жақсылыққа жетелемей келе жатқан жаман іс. Осы мақсатпен табанды күресуге шақырды. Ақсақалдар қауымы имамның ұсынысын бір ауыздан қолдап, алдағы уақытта осы істермен күресуге уәделерін берді.
Мойынқұм тілшісі