Әлемге танымал АҚШ-тың Гарвард университеті Құқық факультетінің қабырғасына Құран аяты жазылған тақтайша ілінді.
Тақтайшаға «Әй, мүміндер! Әділдікте мықты болыңдар. Егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да Алла үшін әділдікте болыңдар» деген «Ниса» сүресінің 135 аяты жазылды.
Бұл аяттың құқық факультетіне іліну себебі де белгілі, яғни, адамзатты бір-бірінің құқын таптамай, әділ болуға шақыру.


25 Апрель 2026
8 Зуль-каада 1447

