ЖАСТАРДЫҢ ДІНДІ ҰСТАНЫП ЖҮРУІ ДҰРЫС ПА ӘЛДЕ БҰРЫС ПА?!

ЖАСТАРДЫҢ ДІНДІ ҰСТАНЫП ЖҮРУІ ДҰРЫС ПА ӘЛДЕ БҰРЫС ПА?!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда көпшілік жастардың дінге деген қызығушылықтары артып, шариғат жолымен жүргендіктері  белгілі. Қоғамда жастардың дін жолында белсенді болып жүруін кейбір  адамдар қолдаса, кейбірі өз қарсылықтарын білдіп жатады. Қарсы болғандардың уәждеріне қарайтын болсақ, жастардың бұлай жаппай дінді ұстанып кетуі пайдасыз, бұданда ғылыммен айналысқандары жөн деп жатады.

 Соңғы он бес жылда дінді ұстанған жастарымыз дұрыс жолды тапты ма әлде кейін қарай құлдырап бара жатыр ма?! Осы бір сұраққа жауап ретінде өткен шаққа бір сәт көз жүгіртіп көрсек.

Өткен шақтағы біз жүріп өткен жылдарға қарар болсақ жастардың қандай іспен шұғылданып, не нәрсеге құмар болғаны әлі күнге дейін көз алдымызда. Қай кезең болмасын ғылымға көңіл бөлетін жастар табылатыны белгілі, дей тұрғанымен жастардың басым көпшілігі көше кезіп, сыраханалар мен түнгі клубтардың алдында құнды уақыттарын құнсыз іске жұмсап жататын. Харамға әуес болған жастар есті жоғалтатын ессіз суға ғашық болып есін жоғалтып, күнәнің талайын таң қалмай жасап жүрді. Көшенің қожайыны саналған ақылы ауған батырлар көшеден өткен - кеткен азаматтарға соқтығып, көптеген қылмыстарды жасап жүретін. Арасында жасаған күнәсін мақтан тұтатындарда болған. Осындай азғындықта болған көпшілік жастардан елдің  ертеңін жақсартады деп қалай айтар едік. Көп ұзамастан діні мен дінгегі мықты жастар жанған жұлдызай жарқырап көбейе түсті. Қазіргі уақытта жастардың арасында жасалатын қылмыс пен ұрлық тоқтап қалды дейалмаймыз дегенмен алдыңғы уақыттарға қарағанда көп жағдайлар жақсы жағынан өзгергенін көреміз. Қазіргі таңдағы жастарымыздың бойында байқалып жүрген көріністердің біршамасын жіпке тізе кетсек "Аманатқа қиянат жасамастан жауапкершілікті сезіну, ішіңді кептіретін ішімдіктен аулақ болу, кісі ақысын жемеу, танысын - танымасын жәрдем сұраушыға жәрдемдесу" тағысын тағы айта беруге болатын жақсы қасиеттерге толы. Бұл дегеніміз ұлттың руханиятын асқақтататын рухты жастардың қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді. Қай кезеңде болмасын жастар әр бір істің қозғалтқыш күші екендігі белгілі. Көшбасшы жастары бар елдің көшіде ілгері жүретіні анық.

Е.Р Асылбекұлы

"Мойынқұм" мешітінің имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: