Әрбір мұсылманның Құран оқуда білуі тиіс 6 сүннеті

Әрбір мұсылманның Құран оқуда білуі тиіс 6 сүннеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранды тек Құран түсірілген Рамазан айында оқу керек деген мүлде ойға сыймайтын пікір. Рамазан айының Құран айы деп аталатыны рас. Егер адам күндіз ораза ұстап, ал түнді Құран оқумен өткізсе, хадиске сай, Алла Тағаланың қалауымен, Құран Қиямет күні шапағатшы болады. Негізі, Құранды жыл он екі ай оқу керек, тек оқып қана қоймай, Құран сүрелерін жаттап алуға тырысқан жөн. Алайда Құран оқу иман келтіргенге барынша пайда келтіргенін қаласа, онда Алла Елшісінің (ﷺ) келтірген бірнеше ережелеріне көңіл қою керек:

Құран оқу алдында дәрет алу

Құранда былай айтылған: «Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды» (56:79).

Құранды дәретсіз оқымақ тұрмақ, оны дәретсіз ұстауға да болмайды.

Оқу көлемі

 Айша анамыздың (р.а.) айтуынша: «Пайғамбарымыз (ﷺ) Құранды үш күнде оқып болатын!»  Имам Бадруддин әл-Айни былай деген: «Бұл хадистің мәні мынада – үш күннен аз уақытта Құранды оқып болатын адам, Құран оқудан алар дүниелерді жіберіп алады!» Сондай-ақ, Әбу Жамра былай айтқан екен: «Бір күні мен Ибн Аббасқа: «Мен Құранды тез оқитын адаммын, бір түнде Құранды бір немесе екі рет оқып аламын!» - деп айтыпты. Сонда Ибн Аббас: «Маған сенің жасағаныңа қарағанда, бір түнде бір сүрені оқу көп ұнамды!» - деп жауап беріпті.  Демек, Құран оқуда асықпау керек, өйткені асығып оқу оны дұрыс оқуға әрі аяттардың мәнін байыбына жете түсінуге кедергі  келтіреді. 

Дауыстап әдемі дауыспен әндетіп оқу

Құранды әдемі дауыспен әндетіп оқыған жөн. Айша анамыз (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім Құранды қиналып, бірақ ынтамен оқитын болса, екі есе сауап алады» (Мүслім). 

Сондай-ақ, басқа хадисте былай айтылған: «Кімде-кім Құранды оқығанда әрбір дыбысын анық та айқын әрі әдемі дауыспен әндетіп оқымаса, ол бізден емес».

Сәждеге жығылу

Қасиетті Құрандағы 14 аятты оқу барысында сәжде жасау керек. Мысалы,  «Сәжде» сүресінің 15 аятында былай айтылған: «…Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді».

Аяттарды оқу дұға мен Алланы еске алумен бірге айтылуы

Хузайфа әл-Йамани былай айтқан: «Бір күні мен Алла Елшісімен (ﷺ) бірге құлшылық еттім. Ол «Бақара» сүресін оқи бастап, рақымшылық сөзі бар аятты оқып болмай жатып, Алладан рақым тіледі, Алланың жазалауы бар аятты оқып болмай жатып, одан сақтауын сұрады және Алла бәрінен де артық деген сөздері бар аятты оқып болмай жатып  «СубханаЛла!» деп айтқан».

Әр түрлі тәсілмен оқу

Бір күні Алла Елшісі (ﷺ) өзінің үш сахабасының қасынан өтіп бара жатып, үшеуінің Құранды әртүрлі оқып отырғанын байқап қалғандығын келтірген. Үнсіз оқып отырған Әбу Бәкірге (р.а.) жақындап бұлай оқып отырғанының себебін сұрайды, сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Шындығында, мені Сыйынатын мені естиді», - дейді. Пайғамбарымыз (ﷺ) дауыстап оқып отырған Омарға (р.а.) жақындап келіп оның бұлай оқу мәнісін сұрайды, сонда ол: «Ұйықтап жатқандарды оятып, шайтандарды қуамын», - деп жауап береді. Пайғамбарымыз (ﷺ) Біләл әл-Хабашқа (р.а.) жақындап келеді, ол бір сүренің бірнеше аятын оқып отырып, басқа сүренің аяттарын оқуға көшіп кетіп отырған еді. Бұлай оқуының мәнісін сұрағанда, Біләл (р.а.): «Мен үздіктерді үздіктермен араластырамын», - деп жауап берген екен. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оларға: «Әрқайсың да ең жақсы тәсілмен дұрыс оқып отырсыңдар», - деген екен. 

Егер адам Құран оқи алмайтын болса, онда ол оны тыңдау арқылы сауапқа кенеле алады. Өйткені Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім Алланың Кітабынан аят тыңдайтын болса, ол оған Қиямет күні нұр болады».

Алла Тағала күнделікті өмірде біздің Құранға деген сүйіспеншілігімізді арттыруға көмектесіп әрі Өзінің Кітабынан оқылған не тыңдалған әрбір әріпті бізге сауаптан жазсын! Әмин!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: