РАНТ ҚҰРАМЫНА МАМАНДАРДЫ АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

РАНТ ҚҰРАМЫНА МАМАНДАРДЫ АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобына үміткер имамдарға арналған аттесттау басталды.

Алдымен дін қызметкерлері электронды емтихан сұрақтарына жауап беріп, фиқһ, сира, ҚР заңдары мен заңнамалары, тарих, т.б. пәндер бойынша бақ сынады. Ал екінші кезеңде РАНТ қатарына үмітті имамдар ауызша емтихан тапсыруда. Мақсат – дін қызметкерлері арасында сараптама жүргізіп, білім деңгейін анықтау.

Айта кетейік, бүгінгі таңда РАНТ құрамында қазақша уағыз айтатын 24 және орыс тілінде насихат айтатын 12 білікті имам жұмыс істейді. Биыл облыс бас имамдары 10 дін қызметкерін РАНТ қатарына ұсынып отыр. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: