Қасиетті Құранның көркем оқылуына келер болсақ, бұл жерде де Алла Тағаланың былай айтқанын көреміз:
«Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын» (16:98)
Сондықтан Құранды көркемдеп оқыр алдында мынаны айтыңыз: «А’у́зу билля́хи минащ-щайто́нир-раджи́м», Ібілістен Аллаға сиыныңыз. Неге? - деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Бұл қасиетті Құранның — дұрыс жолға салу құралы екендігімен байланысты. Ол адамзатты дұрыс жолмен жүргізу үшін түсірілген, ал Ібіліс болса мұны біздің ешқайсымызға да тілемейді. Сондықтан да қасиетті Құранды оқу барысында, ол біздің санамызға сондай күмәнді әрі жаман ойларды кіргізуге тырысатындығы соншалықты, сол ойлар бізді тіпті адастырып жіберуі де мүмкін. Дүниеде қасиетті Құранды оқып, бірақ сонда да теріс жолмен жүретін адамдар өте көп. Бұл олардың теріс ұғымдарымен байланысты. Олар өздерінің кемістіктерін ақтайтын аяттарды табу үшін қасиетті Құранды ашады. Нәтижесінде, сол немесе басқа аятты тауып, олар оған бұрыс түсіндірме береді де болу керектен мүлде өзгеше әрекет етеді. Егер адам Алла Тағалаға бойсұнудан бас тартып, оның бұйырғандарына тәкаппарлықпен және мазақ ете қарайтын болса, сонымен қатар, нәпсісіне өзін адасу жолына түсіруге мүмкіндік берсе, онысымен ол тек қорлану мен масқараға ғана ұшырайды. Адам өзіне осындай халді таңдағанда ғана, дұрыс жолдан шатасатынын түсіну қажет. Сонда Алла Тағаланың бір қасиеті - Музилль (Шатастырушы) – оған жұмылдырылған болады. Егер адам дұрыс жолмен жүргісі келсе, онда Алла Тағала оны дұрыс жолға салады. Егер адам оған тырысып, айтарлықтай ыждаһат білдірсе, ол Алланың — Хади (дұрыс жолды Көрсетуші) деген басқа қасиетін сезінеді. Алла Тағала бұл туралы қасиетті Құранда былай айтқан: «Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады» (2:26).
Кімде-кім Жаратушының хақ жолды көрсетуге жөн сілтеуін іздесе, қасиетті Құранның ақиқатқа толы екенін көреді. Ал кімде-кім өзінің нәпсісімен және Ібіліспен аздырылған болса, күнәғ батып, адасуға ұшырайды. Сондықтан да қасиетті Құранды көркемдеп оқырда, бізді азғырушы шайтаннан Алла Тағалаға сиынуымыз керек. Бұл кітап біздің жоғары қажеттілігіміз — дұрыс жолға түсуімізді қанағаттандыратын құрал болады. Сонда Алла Тағала бізге осы жолмен жүруге дем беріп, қолдау көрсетеді.