Ата-анаңа «түһ» деп те кейіс білдірме...

Ата-анаңа «түһ» деп те кейіс білдірме...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“... Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле [17:23].

Біздің ата-анамыз сый-құрметке лайық жандар. Ата-ананы қадірлемеу — Алла Тағалаға қарсы келу. Кімде-кім ата-анасына дөрекі қарым-қатынас жасайтын болса, күндердің күнінде сол адамның өзіне де сондай қарым-қатынас жасалатын болады. Қасиетті Құранда Алла Тағала бізге мынадай ескерту жасаған: Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де. Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды [17:23-25].
Пайғамбарымыз (ﷺ) да ата-анаға деген жақсы қарым-қатынастың маңыздылығын айтып кеткен: “Қайғы жұтсын, қайғы жұтсын, қайғы жұтсын. Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Ала Елшісі, кім және не үшін қайғы жұтуы керек?» - деп сұрайды. – Адамның қарт ата-анасы бола тұра, бірақ әлгі адам Жұмаққа кіре алмайтындығы үшін қайғы жұтсын, - деген екен Пайғамбарымыз (ﷺ)” [Мүслим, Бирр,9].

Сондай-ақ, мынадай хадистер де бар:

Алланың разылығы - ата-ана разылығында. Алланың ашуы – ата-ананың ашуында [Тирмизи, Бирр, 3].

Жұмақ – анаңның аяғының астында [Насаи, Джихад, 6].

«Ата-анаға құрмет көрсету намаз оқығаннан да, ораза тұтқаннан да, қажылық және ұмра жасағаннан да және Алла жолында жиһад еткеннен де абзал».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: