Ақтөбе: Тарихи мешіт жанынан 1000 адамдық намазхана ашылды

Ақтөбе: Тарихи мешіт жанынан 1000 адамдық намазхана ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанынан 1000 адамдық намазхана ашылды.

Салтанатты шараға облыс бас имамы мен өңірдегі ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, имамдар қатысты. Қаладағы 120 жылдық тарихы бар көне мешіттегі жамағат сыйымдылығын арттыру мақсатында басталған намазхана құрылысы 2022 тамыз айында басталып, жуырда ғана қолданысқа берілді. Ашылу салтанатында бас имам Серікжан Еншібайұлы мешіт ұжымына қасиетті Құран Кәрім тарту етті. Одан өзге ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, С.Байішев университетінің президенті Бекежан Аханұлы құттықтау сөз сөйлеп, лебізін білдірді.

Ал Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы Құран оқып, мешіттің данагөй ақсақалы Жайылхан Абдисаламов бата берді. Сондай-ақ демеушілік көрсетіп құрылыстың ойдағыдай аяқталуына атсалысқан азаматтарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан арнайы алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табысталды.

Жергілікті БАҚ өкілдері де қуанышты сәттің куәсі болып, аталған іске ұйытқы болған мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлынан сұхбат алды.

Айта кетейік, аталған намазхана құрылысының ерекшелігі заманауи үлгідегі металл материалдарымен жабдықталып, аумағы 450 кв метрді қамтиды және еуропалық үлгіде жасалып, едені жылумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар үлкен 16 терезесі мешіттің сыртқы көркіне әсемдік беріп, мешіт ішін одан әрі жарықпен әрлей түсуінде.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: