«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «DINTELLECT» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «DINTELLECT» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Dintellect» зияткерлік білім сайысы өтті.

Сайыстың ашылу салтанатында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы барлық қатысушы командаға өзінің ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар білім алудың және ілім іздеудің пайдасы жайлы насихат айтты.

Зияткерлік сайысына өңірге қарасты мешіт жамағаты мен дін қызметкерлерінен құралған жеті команда қатысты. Атап айтқанда, Саран мешіті – «Зияткер», «Әнет баба» мешіті – «Алғыр» және «Ұтқыр», «Қазбек би» мешіті – «Зерек», «Төйлеутай ата» мешіті – «Білгір», Теміртау мешіттерінен – «Жүйрік», «Әл-Мәшани» мешіті – «Зерде», «Әнет баба» мешіті – командалары қатысып, білімдерін сынға салды.

Мыңнан мықты, жүзден жүйрік атанбаққа келіп отырған сайыскерлерге «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Амангелді Дәулеткелдіұлы, Ақниет Сәлімбайұлы және ақсақалдар алқасының мүшесі Ысқақов Бейсенбай ақсақал төрелік етіп, бағасын берді. Білім сайысын Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай жүргізді.

Сайыс жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаз командалар қаржылай сертификаттармен марапатталды. Атап айтқанда, І орын «Әнет баба» мешіті - «Алғыр» командасы (50 000 теңге); ІІ орын «Төлеутай ата» мешіті - «Білгір» командасы (30 000 теңге); ІІІ орын «Әл Машани» мешіті - «Зерде» тобы (20 000 теңге). Арнайы жүлделерді облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы табыстап, құттықтауын жеткізді.

Айта кетейік, облыстық кезеңде жеңіске жеткен команда республикалық сайыста бақ сынайды. 

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: