Ізгілік нұрының мерекесі

Ізгілік нұрының мерекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі дүниенің сардары, ардақты Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) туылған күніне орайластырылып өткізілетін Мәуліт айында халық арасында Пайғамбарымызды (с.а.у.) дәріптеп, оған салауаттар айту ізгі дәстүрге айналған.

Пайғамбарымызға салауат айту дегеніміз – дұға, жарылқау тілеу, береке тілеу және ұлықтау деген мағыналарды білдіреді.

Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтылатын салауат, бұл дүниеде ұлылық пен шариғатының үстемдігін және ақыретте үмметіне шапағатшы болуын және сауап дәрежесін арттыруын тілеу мақсатында айтылады. Алла Тағала әмір етіп, Құранда былай дейді. «Алла Тағала мен періштелер Нәбиге (с.а.у.) салауат айтуда. Ей, иман келтіргендер, сендерде Оған (с.а.у.) салауатты айтып, шынайы түрде сәлем беріңдер» («Азғаб» сүресі, 56 аят). Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтады: «Менің атым аталып, маған салауат айтпаған адам нағыз сараңның өзі».

Яғни, хал үстінде жатқанда да «Үмметім, үметтім» деп үмметіне ынтызар болған мейірім Пайғамбарына салауат айту – бізге міндет. Салауат айтудың артықшылығына келетін болсақ, бұл дұғаның қабыл болуының бірден-бір шарты. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мынандай хадистері бар: «Қиямет күні маған ең жақын адам, маған ең көп салауат айтқандарың. Кім маған бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он рахмет жолдайды, оның он күнәсі кешіріліп, он дәрежесі көтеріледі» делінген.

Қасиетті Мәуліт айына байланысты аудан орталығындағы «Жуалы» көпшілік мешітінде де бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Өткен аптаның қасиетті жұма күні аудан орталығындағы «Несібелі» мейрамханасының үлкен залында Мәуліт айының құрметіне ақ дастарқан жайылып, ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауаттар айтылды. Ізгіліктің мерекесіне ауданның бас имамы Ғалымжан Қонақбаев, «Жуалы» көпшілік мешітінің имамы Сейітқазы қажы Медетбеков қатысты. Онда Б.Момышұлы ауылының, Қайрат, Диқан және Қарасаз ауылдарының мешіттерінен шақырылған жамағатқа ас берілді.

Дастарқанның басында асыл дінімізге және ардақты Пайғамбарымызға қатысты өнегелі әңгімелер, уағыз және салауаттар айтылды.

Пайғамбарымыздың дүниеге келуі – мұсылмандар үшін зор қуаныш және Ұлы Жаратушы Иеміздің құлдарына жасаған ұлы жақсылығы. Ал қуанышты бөлісудің оны белгілі жүйемен көрсетудің, Алла Тағаланың жақсылығы мен нығыметін шүкір мақсатында жария етудің дінімізде негізі мен дәлелі жеткілікті.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі әдепте, мәміледе, ер жүректікте, мәрттікте, жомарттықта, жолдастықта, отбасылық өмірде, басшылықта асыл қасиеттердің асқақ үлгісіне толы. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүние салғанына он төрт ғасырдан асса-дағы, ол барша мұсылмандардың жүрегінде мәңгі жасай бермек.

Мәуліт мерекесі барша шаңыраққа береке-бірлік, елімізге рухани қуаныш сыйласын!

Сейітқазы қажы Медетбеков

«Жуалы» көпшілік мешітінің имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: