4 бөлім. Бірінші үлкен белгі: Имам әл-Махди

4 бөлім. Бірінші үлкен белгі: Имам әл-Махди

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Уақыттың соңында әһлү әл-бейттен бір адам пайда болады, ол әділетсіздік пен өтірікке батқан әлемді әділдік пен адалдыққа толтыратын болады. Бұл бөлімді, әсіресе, қазіргі кезде оқып-білу маңызды, өйткені ұдайы имам әл-Махдидің шығуы туралы бітпейтін әңгімелер айтылуда, әртүрлі сыбыстар мен ойдан шығарылған, жалған дүниелерге алданып қалмас үшін,  Әһлү Сүннет әл-Жамағаттың сенімді дереккөздерінде имам әл-Махди туралы не айтылғаны жөнінде білу қажет.

Бұл адам жеті жыл билік етеді және оның билік жүргізген уақытында Алла Тағала адамдарға береке мен рақымын төгеді: жер құнарлы болады, жаңбыр мол болады, ал байлықтың көп болатындығы сонша, адамдар оны қайда жұмсарларын білмейтін болады. Ибн Касир былай айтқан: «Оның кезінде жемістер көп болады, өнім мол болады, ақша өте көп болады, билеуші мықты болады, дін жеңіп, дұшпан жеңіліс табады, ал сол күндері игілік толассыз болады» (Ан-Нихая, 1/31). Осы кезеңнің алдында, мұсылмандардың көптігіне қарамастан, олар жеңіліс тауып, талқандалған: мұсылмандардың саны оларға жауды жеңуге не күш, не жеңіс бермеген уақыт болған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: