Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Ләззат Маханбетова әйелдер жамағатына "Нығмет және оның қадірін білу" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Ұстаз шараға арнайы келіп қатысқан "Жәми" мешітіне жаңа тағайындалған ұстаз Мақұлбек Гульжан Сағындыққызын таныстарды.
Жас маман биыл Сарағаш медресе-колледжін тәмамдады.
Ләззат Маханбетова мен Сәуле Нұрсұлтанқызы ұстазға дін жолындағы қызметіне береке және шәкірттерінің көп болып, абыройлы ұстаз болуын тіледі. Ал ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын беріп, дұға тілектерін жаудырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі