Шу аудандық "Жәми" мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен жүздесті.
Білікті имам "Жат ағымның салдарлары" тақырыбында насихат жүргізіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Теріс ағымның зиянын, оны ұстанушылардың өзгешелігі мен сипаттарын баяндады. Сонымен қатар имам теріс бағытты ұстанушылардың адасқан тұстарын тізбектеп, нақты дәлелдер келтіріп өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі